Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әл-Фарабидің қандай нақыл сөздерін білесіздер?

Арнұр
Жауап қалдырылды 28 Мау, 16

Әл-Фарабидің нақыл сөздері:

  • Мінез-құлық міні - рухани кеселге жатады.
  • Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
  • Өзгенің пікірін иемденіп кету - надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

  • Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
  • Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында.

  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. 
  • Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады.
Қазір оқып жатыр