Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тәрбие жайлы қандай нақыл сөздер білесіздер?

Сағым
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Тәрбие туралы нақыл сөздер

Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.

Ж.Аймауытов

***

Қалай десек те,ең мықты, табиғи мектеп-отбасы. 

М.Арын

***

Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 

М.Жұмабаев

***

Тәрбие басы - тіл.

Ж.Аймауытов

***

Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.

П.Каптерев

***

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

А.Макаренко

Рамазан
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Тәрбие туралы нақыл сөздер

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

М.Әуезов

***

Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай

***

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

Ахмет Байтұрсынұлы

***

Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады.

И.Павлов

***

Бала тәрбиесі басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң.

Абай

Қазір оқып жатыр