Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аристотельдің қандай танымал нақыл сөздерін білесіздер?

Серікжан
Жауап қалдырылды 27 Қыр, 16

Аристотельдің нақыл сөздері

Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл.

***

Бар ғаламның байлығын ұсынса да, ешкімнің доссыз өмір сүруге батылы жете қоймас.

***

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

***

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

***

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

***

Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.

***

Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...

***

Өмір қимылды талап етеді.

***

Кім де кім, әділдік пен жақсылық үшін отқа түсуден қорықпаса, онда ол батыр, яғни батырлық, ерлік осында жатыр. 

***

Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес.

Қазір оқып жатыр