Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Егіздер жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Ақан
Жауап қалдырылды 19 Қаз, 16

Егіздер. Жомарт, уайымшыл, кез-келген жағдайға жылдам бейімделгіш, тұрақсыз әрі екіжүзді – бұл егіздерді дәл сипаттайтын сөздер. Егіздер бөлісуге бейім. Өмірдің барлық қырларында өздерін бірқалыпты ұстамайды. Кейде оларды түсіну қиынға соғады. Себебі Егіздер тұрақты емес. Олардың алдағы әрекетін аңдау да оңай емес. Бірде саруайымға салынса, кейде төбесі көкке бір елі ғана жетпей, шаттықтан қалпағын аспанға атып жүреді. Бірақ осы мінез-құлқын Егіздердің тартымдылығының сыры деуге болады.

Айналасындағылар үшін Егіздер – жұмбақ жан. Олар – кез-келген адамды қызықтырып, еліктіріп әкетуге қабілетті. Бірақ олармен тек бірлі-жарым адам ғана  араласа алады. Егіздерге тыныштанып, босаңсу қиын. Десе де тырысып көргені жөн. Себебі діттеген арман-мақсатыңа жету үшін күш-жігер жиюдың маңызы зор.

Мінезінің қиындығына қарамастан, Егіздермен ортақ әңгіме табу оңай. Олар кез-келген отырыста өздерін ыңғайлы сезінеді. Өздері де көңілденіп, өзгелерге де жақсы көңіл-күй сыйлай алады. Сондықтан оларды кез-келген орта қуана қабылдап, достары бағалай біледі. Егіздер көмегіне зәру болған кез-келген адамға көмек қолын ссозуға дайын. Алайда мінездері ұқсас, не күш-жігері бойынша басым адамдар Егіздермен тіл табыса алмайды. 

Қазір оқып жатыр