Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жасарудың қандай түрлері бар?

Талқылау
Пікір
Айнұр
12 Тамыз, 16

Теріні жасартуға арналған процедуралар

  • Пилинг. Теріні жақсылап тазартып, залалсыздандырады да, жеміс қышқылдарының арнайы ерітіндісі жағылады. Ол тері қабатының ескі, өлі жасушаларын жойып, нәтижесі тері қайта қалпына келеді.
  • Теріні лазермен тегістеу. Заманауи косметологияда бұл жасарудың аса танымал әрі нәтижелі түрлерінің бірі. Лазер сәулелері тері тініне тереңінен енеді. Сәулелердің әсерінен ескі жасушалар жойылып, коллаген мен эластин жинақталуы артады.
  • Элос жасару. Бұл екі қуаттың қосындысы: электр тоғы мен  жарық сәулесі. Процедура барысында олар аса мұқияттылықпен теріге тереңінен әсер етеді. Нәтижесінде эластин жасап шығарылып, коллаген синтезделеді.
Мақпал
12 Тамыз, 16

Теріні жасартуға арналған процедуралар

  • Озонмен емдеу. Арнайы микроинемен тері астына озон-оттекті қоспа енгізіледі. Озон коллаген синтезделуін арттырып, нәтижесінде жасушалар жылдам қалпына келеді.
  • Мезотерапия. Дәрумендер, гиалурон қышқылы және аминқышқылдардан тұратын арнайы коктейль микроинелердің көмегімен тері астына енгізіледі. 
  • Сүлікпен емдеу. Процедура барысында медициналық сүліктер қолданылады. Сүлік теріге жабысып, қанды сорады. Бұл уақытта қанға сүліктің пайдалы заттарға бай сілекейі түседі. Бір сүлікті тек бір рет қана қолданып, процедурадан соң жояды. Процедураның нәтижесі бірінші сеанстан-ақ байқалады: зат алмасу процесінің жақсаруының себебінен тері жас әрі балғын көрінеді.
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
8 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
8 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
8 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
8 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?