Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ерін жарылғанда не істеу керек?

Талқылау
Пікір
Томирис
27 Қыркүйек, 16

Ерін жарылғанда жасалатын халық емі әдістері:

  • Алманы алып, үккіштен өткіземіз. Ботқаны 10-20 минутқа тоңазытқышқа қоямыз. Мұнан кейін оны кілегей майымен араластырамыз. Пайда болған қоспаны ернімізге жағып, 10-15 минут ұстаймыз. Бұл құрал ерніңізді нәрлендіреді.
  • Ерніңізге кілегей майын жағу арқылы оны В дәруменімен қамтамасыз етесіз. Нәтижесінде ерніңіз жұмсақ болады.
  • Кептірілген раушан гүлінің күлтелерінен бір уыс алып, оны маймен араластырамыз. Қоспаны ернімізге жағып, 20 минут ұстаймыз.
  • Сәбіз шырынының бір шай қасық мөлшеріне үй сүзбесін қосамыз. Қоспаны ұйқыға жатар алдында ерінімізге жағамыз. Нәтижесінде ерніңіз ерекше жұмсақ болады.
  • Алоэ жапырағын екіге бөліп, шырышты жағын ернімізге басамыз. Бұл әрекетті әр 3 сағат сайын жасау керек. Біраз уақыттан кейін ерін жарылуын ұмытатын боласыз. 
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
8 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
8 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
8 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
8 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?