Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Эвфемизм дегеніміз не?

Талқылау

Пікір

Admin
11 Маусым, 21

Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқаша сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайылық пен әдептілікке байланысты туындайды. 

Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. 

Мысалы, “ұрланды” деудің орнына қолды болды т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады.

Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді
 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan

Вебинар дегеніміз не?