Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда бірқатар азық-түлік пен тауарға ең төменгі баға бекітілді
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ақтөбеде әкесі мен үш баласы жол апатынан қаза тапты: Алқабилер жүк көлігінің жүргізушісін ақтап алды
"30 мыңға сертификат": Жетісу облысында 8 наурызға сыйлық алу үшін 36 миллион теңгеге тендер жариялаған
"Залал 247 миллион теңге": Блогер Жанәбіловтердің қандай мүлкіне тыйым салынғаны айтылды
Қазақстанда ішімдікке тексеру кезінде рұқсат етілген промилле шегі өзгермек
Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан шығып қалды
Теміртауда "Самал" санаторийін қалпына келтіру жұмыстары басталды
Талғардың тиктокер әкімі қызметінен кеткен соң такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Анажан
Аялап күнде,нұр шашып күлген,
Жаныма мені балаған.
Көңілің көктем,мейрімін төккен
Аяулым сенсің-анажан
Қайырмасы
Асыл әнімсің, жазғы таңымсың,
Өзіңмен нұрлы жолдарым.
Тылсым жылдарда,
Қиын сындарда
Тілегім менің, қорғаным
Қайда жүрсең де, ойым бір сенде,
Сенімен болды құмарым.
Болсам деп бірге, сағынып күнде,
Жан-ана, сенсің жыр-әнім.
Қайырмасы
Анаға сәлем
Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.
Қайырмасы
Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал, балаңның,
Сәлемін жолдаған.
Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың.
Қайырмасы
Аялап алақан,
Мәпелеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Қайырмасы
Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
Ана туралы жыр
с. Ғ.Қайырбеков ә. Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық қоштарың өзіңе арнаған.
Қайырмасы
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің,
Самал жел саябақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышын анашым жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені,
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді.
Қайырмасы
Ете көр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.