Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Араласқысы келетін ниетін байқамадым": Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс жұбайының келмегеніне ренішін жасырмады
Чемпиондар лигасында "Барселона" мен "Интер" арасындағы ойын өтпей қалуы мүмкін
Қазақстанда енді халық емшілері лицензияланбақ
Асфальтқа құлатып, басынан тепкілеген: Талғар ауданында бір топ ер адам азаматты аяусыз соққыға жықты
Pro Hokei Ligasy плей-оффының үздік сұрмергені Данил Парамонов "Арланнан" кетіп, ҚХЛ-дың "Адмирал" клубына барады
Шерзат өлімі бойынша сотта тағы бір куәгер мылтық қайдан шыққанын айтты
Алматы облысында лицензиясыз тұрғын үй салған компания жүздеген адамнан 900 миллион теңгедан аса ақша алған
UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну 17 жастағы қызды көлікпен қағып өлтірді
"Диагнозы өте ауыр": Денсаулық сақтау министрі сарбаз Ербаянның әлі аяққа тұрмағанын айтты
Чемпиондар Лигасының жартылай финалы қалай болады: Сарапшылар болжам жасады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
Наурыз мейрамына арналған тілектер бар ма?
1
4
5
3
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамымыз құтты болсын!
Ақ мол болсын, ақтарылған ақ тілектер оңғарылсын.
Сиыр жылы қазыналы, мерекелі, берекелі жыл болсын.
Орта толсын, қойын қуанышқа кенелсін, ынтымақ, бірлік ажырамасын.
Дендеріңізге саулық, өмірде асқаралы табыстар, иглік, бақыт тілеймін!
***
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.
Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Көктемгі күндер Сіздерге денсаулық, табыс, қуаныш, береке алып келсін!
Әрбір арайлап атқан таң шапағат нұрын сыйласын!
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай жаса Наурыз мейрамы!
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!
22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос!