БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айранның бет терісі үшін пайдасы қандай? Қандай маскалар жасауға болады?

Гаухар
Жауап қалдырылды 26 Мам, 16

Майлы теріге арналған айраннан жасалған маска

  • 2 ас қасық айранды 1 жұмыртқаның ақуызымен араластырып, 1 шай қасық бал қосыңыз. Қоспаны бетіңізге жағып, 15 минуттан кейін салқын сумен жуып тастаңыз.
  • Ашыған айранды бетіңізге жақсаңыз, майлы теріні жақсы тазартады.
  • Жарты стақан бидай не күріш ұны, сұлу жармасын 1 ас қасық ас содасымен араластырыңыз. Бұл қоспа бірнеше рет маска жасағаныңызға жетеді. Қолданар алдында қоспаның 1 ас қасық мөлшерін айранмен араластырып, бетіңізге жағыңыз. 1 минут көлемінде саусағыңыздың ұшымен бетіңізді уақалаңыз. Артынан масканы бетіңізде 7-10 минутқа қалдырып, салқын сумен жуыңыз. 
Динара
Жауап қалдырылды 26 Мам, 16

Бет терісін ағартуға арналған айраннан жасалған маска

  • Бетіңіздің терісі ағарып, жұмсарып, тазарғанын қаласаңыз, мына масканы қолданып көріңіз. 1 ас қасық сүзбені 2-3 ас қасық айранмен араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 15 минут ұстаңыз. Артынша жылы сумен жуыңыз.
  • 1 ас қасық ұсақталған ақжелкенді 2 ас қасық айранмен араластырыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 15 минут ұстаңыз.

Қазір оқып жатыр