0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Май, 16 от Мағрипа в категории Тағам рецептері
показан 06 Май, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

АМЕРИКАНА БАЛМҰЗДАҒЫНЫҢ РЕЦЕПТІ

Қажетті заттар:

жұмыртқа - 2 дана

кілегей 33-35% - 250 мл

сүт - 100 мл

қант ұнтағы - 6 ас қасық

ванильді қант - 50 г

Дайындалуы:

  • Жұмыртқаның сарысын ақуызынан бөліп аламыз. Сарысына 2 ас қасық қант ұнтағын қосып, микермен крем тәріздес күйге келгенше шайқаймыз. 
  • Жұмыртқаның ақуызына 2 ас қасық қант ұнтағын қосып, оны миксермен көбіктенгенше шайқап аламыз. 
  • Кілегей мен 2 ас қасық қант ұнтағын араластырып, миксермен жақсылап шайқаймыз. 
  • Шайқалған жұмыртқасарысын, ақуызын, кілегейді араластырып, сүт және ванильді қант қосамыз. Барлығын қоспа біртекті болғанша әбден шайқаймыз. 
  • Қоспаны пластиктен жасалған ыдысқа салып, мұздатқышқа 4 сағатқа салып қоямыз (анда-санда араластырып тұр қажет).
Асыңыз дәмді болсын!
ответил 06 Май, 16 от Айзада