Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Иса

Бата-тілек үлгілері бар ма?

Қандай бата-тілек білесіздер?
Талқылау

Пікір

Нұржігіт
01 Тамыз, 16

Бар қылсын, бай қылсын, 
Төрт түлікті сай қылсын, 
Кетпес дәулет берсін, 
Тозбас сәулет берсін. 
Бастарыңа бақ қонсын, 
Қазаныңа ас толсын. 
Қалталарың тоқ болсын, 
қайғы-уайым жоқ болсын. 
Көре алмаған қаскөйдің, 
Іші күйіп шоқ болсын. 
Ризық, нәсібің тасып, 
Көйлектерің көк болсын. 
Бала-шағаң ер жетіп, 
Қырық рулы ел болсын, 
Дұспандарың жер болсын, 
Дәулетің шалқып, сел болсын, 
Пейілдерің кең болсын! 
Ұлысымыз оң болсын! 
Той-қуаныш мол болсын! 
Қайда барсақ жол болсын! 
Біздің бата сол болсын. 
Әумин!

Дана
01 Тамыз, 16

Әуелі Алла, құдірет,

Не тілесе, тілектерін қабыл ет!

Шаңырақ берік болсын,

Отауға ұл мен келін көрік болсын,

Әр үйге тек жақсылық серік болсын!

Дастархан кең болсын!

Төрт құбылаң тең болсын!

Халқымыз тәуелсіз ел болсын!

Ауылымыз берекелі, 

Жанұямыз мерекелі болсын!

Жаңа тұрмыс көңілді болсын!

Ортаң толсын!

Айтқаным келсін,

Әумин!

Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
1
4
Ержан

Наурызға арналған бата білесіздер ме?

4
Жансая

Наурыз мейрамына арналған тілектер бар ма?

5
Нұрсұлтан

Көктем туралы өлеңдер бар ма?

3
Досан

Ана туралы әндер бар ма?