Сұрақтар мен жауаптар
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
ӨМІР ГҮЛІ
Өлеңін жазған — Б. Серікбаев
Әнін жазған — Ж. Назаров
Тәй-тәй, балам, тәй-тәй, балам, жасқанба,
Самғап әлі ұшырсың көк аспанға.
Ізің қалды жер бетінде шұбырып,
Сен дірілдеп тұнғыш қадам басқанда.
Алғаш рет аяғыңнан тік тұрып,
Өжеттікті кеттің маған ұқтырып.
Жер бетінде із қалдыру үшін де
Өзіңе-өзің сене білу — мықтылық.
Шек бола ма қуанышта бұл күнгі,
Жүрегімде тәтті сезім бұлқынды.
Ертіп алып бара жатыр бұлақтар
Кірбіңі жоқ сенің мөлдір күлкіңді.
Өмір гүлі, өмірімнің жалғасы,
Түсті жерге табаныңның таңбасы.
Тәй-тәй басты жер шарының несі,
Мамасы, оны сүріндіріп алмашы!
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.