Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бауырдан қандай тағам әзірлеуге болады?

Талқылау
Пікір
Айгерім
09 Тамыз, 16

Бауырдан жасалған торт

Қажетті заттар:

  • бауыр - 500 г
  • жұмыртқа - 1 дана
  • қаймақ - 0,5 стақан
  • ұн - 0,5 стақан
  • тұз, бұрыш 
  • сарымсақ - 3 тісше
  • майонез - 250-300 г
  • сәбіз - 5 дана
  • пияз - 3-4 дана
  • аскөк немесе ақжелкен - 2 бума

Дайындалуы:

  • Бауырды жуып, құрғатып алып, еттартқыштан өткіземіз. 
  • Оған жұмыртқа, қаймақ, ұн, тұз бен бұрыш қосамыз. Құймаққа арналғандай сұйық қамыр шығуы керек.
  • Табаға май құйып, қыздырамыз. Бауыр шелпектерін екі жағынан дайын болғанша қуырамыз.
  • Пиязды ұсақтап тураймыз. Сәбізді үккіштің үлкен көзінен өткіземіз. Пияз бен сәбізді араластырамыз. Көк шөпті ұсақтап тураймыз.
  • Жайпақ тәрелкеге бауыр шелпегін салып, үстіне қуырылған сәбіз бен пиязды саламыз. Оған ұсақталған көк шөп себеміз. Осылайша бауыр шелпегі біткенше жалғастырамыз.
  • Бауыр тортын өз қалауыңызша безендіріңіз.
  • Бауыр тортын суық не ыстық күйінде ұсынуға болады.
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
2 жылы бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
1
Гүлжанат
3 жылы бұрын пайда болды

Наурыз көженің құрамына кіретін жеті өнім қандай?

2
Толқын
3 жылы бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
3 жылы бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
3 жылы бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?